Қазақстан Елшісі Р.Ыбраев Будапеште Мажарстан Президентінің атынан берілген қабылдауға қатысты

АСТАНА. Қаңтардың 19-ы. ҚазАқпарат – Қаңтардың 16-сында Будапеште елде тіркелген дипломатиялық миссиялардың басшыларына арнап Мажар Республикасының Президенті Ласло Шойомның атынан ресми қабылдау шарасы өткізілді. Осы шараға Қазақстан Республикасының Елшісі Рашид Ыбраев та қатысты,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат сыртқы саясат ведомствосының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Маңызды іс-шараны ашқан Президент Ласло Шойом, өткен жылы ел өмірінде орын алған атаулы оқиғалар мен 2009 жылы алға қойылып отырған міндеттер туралы әңгімелеп берді. Қабылдау аясында Елші Р.Ыбраевтың Президент Л.Шойоммен екіжақты кездесуі өтіп, оның барысында қазақстандық дипломат Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық ахуал туралы, әлемдік қаржы дағдарысының салдарын жеңу бағытында ел басшылығы қабылдап жатқан шаралар туралы, Қазақстанның халықаралық бастамалары, оның ішінде республиканың 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуі мен соның қарсаңында қабылданып отырған «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасы туралы әңгімелеп берді. Елші сондай-ақ Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жақында Мажарстанға жасаған сапары барысында екі ел президенттерінің арасында қол жеткізілген келісімдердің жүзеге асырылу барысымен таныстырды. Будапеште Қазақстан Президентімен болған кездесуді жылы лебізбен еске алған Л.Шойом мырза, қазақстан-мажар қатынасының бірізді дамып отырғанын атап көрсетті. Осының алдында Қазақстан Елшісі Будапешт мэрі Габор Дэмскимен де кездескен болатын.
Соңғы жаңалықтар