Қазақстан Елшісі Сауд Арабстаны Корольдігінің экономика және жоспарлау министрімен кездесті

АСТАНА. Қаңтардың 15-і. ҚазАқпарат – Қазақстан Елшісі Қайрат Лама Шариф Эр-Риядта Сауд Арабстаны Корольдігінің экономика және жоспарлау министрі Халед әл-Құсейбпен кездесу өткізіп, оның барысында екіжақты сауда-экономикалық байланыстарды дамытудың кемел келешегі талқыланды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат сыртқы саясат ведомствосының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Х.әл-Құсейб, екі елдің іскер топтарының өзара тиімді ынтымақтастыққа мүдделері артып отырғанын атап көрсетті және сауда-экономикалық қарым-қатынасты дамыту мен тереңдетуге әлеуеттің мол екенін жеткізді. Осыған байланысты тараптар ағымдағы жылдың көктемінде Астанада өтетін қазақстан-сауд арабстаны үкіметаралық комиссиясының үшінші мәжілісіне дайындық мәселелеріне айрықша назар аударды. Қазақстан дипломаты Сауд Арабстаны министріне еліміздің Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Сұлтановтың «Жаһандық тәуекелдер жүйесіндегі Еуразияның экономикалық қауіпсіздігі» ІІ Астана экономикалық форумына қатысуға шақыруын жеткізді. Бұл шақыруды Х.әл-Құсейб ризашылықпен қабылдады.
Соңғы жаңалықтар