10:36, 10 Желтоқсан 2014 | GMT +5
Қазақстан Елшісі Үндістан Президентіне сенім грамоталарын табыс етті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кеше Қазақстанның Үндістандағы Төтенше және өкілетті Елшісі Болат Сәрсенбаев Үндістан Республикасының Президенті Пранаб Мукерджиге сенім грамоталарын тапсырды, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.
Грамота тапсыру рәсімінен кейін өткен қысқа кездесуде қазақстандық Елші П. Мукерджиге Қазақстанның Үндістанмен стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайту мүддесін жеткізді.
Сонымен қатар, Б.Сәрсенбаев Үндістан Президентіне Елбасы Н. Назарбаевтың биылғы 11 қарашада жарияланған «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты жолдауының негізгі қағидаларымен таныстырып, осы жолдаудың еліміздің болашағын айқындаудағы ерекше рөлі туралы айтты.
Өз кезегінде Президент П.Мукерджи ҚР Президенті Н. Назарбаевқа өзінің шын тілегін білдіріп, екіжақты ынтымақтастықты одан да әрі дамыту бойынша бірлескен жұмысқа дайындығын білдірді.