Қазақстан елшілерінің арасында әйелдер бар ма?

елші
Фото: pixabay.com

АСТАНА. KAZINFORM – Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров  Қазақстанның атынан сөйлейтін әйел елшілер туралы мәлімет берді.

«Иә, әрине. Қазір жөпелдемеде айта алмаймын. Соншалық көп емес. Финляндиядағы елшіміз әйел адам. Нью-Йорктегі бас консул да әйел, Францияда да әйел елші бар. Олар өте белсенді жұмыс істейді», - деді Айбек Смадияров ведомствоның баспасөз мәслихатында.

Оның сөзінше, дипломаттар арасында қазақстандық әйелдер санаулы болғанымен, Сыртқы істер министрлігінің құрылымында үлесі айтарлықтай.

«Бірақ Сыртқы істер министрлігінде әйелдер көп. Орталық аппараттың шамамен жартысы бойжеткендер мен әйелдер. Олар ерлермен бір қатарда, тіпті кейде артық жұмыс істейді. Олар мұқият әрі тыңғылықты», - деді СІМ ресми өкілі.

Соңғы жаңалықтар