Қазақстан ERG компаниясынан 365 млн доллар дивиденд алды
АСТАНА. KAZINFORM — Дивидент ретінде алынатын қаражат бұған дейін Люксембургте бұғатталған. Бұл туралы Қаржы министрі Мәди Такиев айтып отыр.

— Биыл өткен жылдар үшін 365 млн доллар дивиденд алдық. 2024 жылдың қорытындысы бойынша қаржылық есеп енді ғана аяқталды. Әзірге нәтиже көрген жоқпын. Биылдың қорытындысын келесі жылы қараймыз. Ал өткен 2021-2022 жылдар үшін ақшамызды алдық. Ол бұғатталған қаражат есебінен шығарылды, — деді Мәди Такиев Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.
Айта кетейік, Eurasian Resources Group (ERG) — табиғи ресурстарды өндіру және өңдеу саласындағы әлемдегі ең ірі компаниялардың бірі. ERG-нің негізгі акционері (40%) — Қазақстан Республикасының Үкіметі. ERG-нің бас кеңсесі Люксембургте орналасқан.
Таяуда ERG компаниясы 7 мың жұмыс орнын цифрландыратыны туралы хабарлаған едік.
Сондай-ақ ERG цифрландыруды енгізгеннен кейін босаған жұмысшылардың қайда баратыны туралы жазған болатынбыз.