Қазақстан есірткіге қарсы күресуде халықаралық ынтымақтастықты белсенді дамытуда - «Мәскеу-Душанбе» бейнекөпірі

Аймақтық «Арна-Оңтүстік» есірткіге қарсы операцияның қорытындысына арналған «Мәскеу-Душанбе» бейнекөпірінің барысында бұл туралы Душанбеден Қазақстанның Ішкі істер министрлігінің өкілі Алтай Башанов хабарлады.
Ол, бүгінде Қазақстанның есірткіні бақылаудың халықаралық жүйесіне толық ықпалдасқанын, БҰҰ-ның осы саладағы барлық үш конвенциясы да бекітілгенін атап көрсетті. Нашақорлықпен пен есірткі бизнесімен күресудің 2006-2014 жылдарға арналған мемлекеттік стратегиясы қабылданып, ол стратегия Үкіметтің 2009-2011 жылдарға арналған бағдарламасы арқылы жүзеге асырылуда. Сонымен бірге, республиканың есірткіге қарсы заңнамасы да жетілдірілуде. Бүгінде аса ауыр есірткі қылмыстары үшін 20 жыл бас бостандығынан айыру, тіпті өмір бойына қамау сияқты қылмыстық санкциялар анықталған.
«Қазақстанда халықаралық ынтымақтастықты дамытуға да үлкен назар аударылып отыр. Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығының контекстінде есірткі қатерлеріне қарсы күресудің бірлескен тетіктерін жасауға айрықша назар аударылуда», дейді ҚР Ішкі істер министрлігінің өкілі.
Қазақстан, Ресей және Тәжікстанның арнаулы қызметтері мен құқық қорғау органдары қыркүйектің 13-16-сы аралығында «Арна-Оңтүстік» операциясына қатысты. Операция үш елдің аумағында өткізілді.