Қазақстан ? Еуроодақ: энергетикалық диалогты одан әрі нығайту

БРЮССЕЛЬ. Мамырдың 16-сы. ҚазАқпарат /Ержан Оспанов/ - Кеше Брюссельде Қазақстанның Бельгия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Ерік Өтембаев Еуроодақтың энергетика жөніндегі комиссары Андрис Пиебалгспен кездесті, оның барысында Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы стратегиялық энергетикалық әріптестікті кеңейту және тереңдету перспективалары талқыланды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қазақстанның Бельгиядағы Елшілігіне сілтеме жасап. Елші Е.Өтембаев энергетикалық диалог Қазақстан мен Еуроодақтың ұзақмерзімді экономикалық әріптестігінің негізі және әлеуеті екенін атап өтті. Бүгінде республика Еуропа елдеріне 23,5 млрд. АҚШ долларынан асатын энергия ресурстарын экспорттайды. Бұл қазақстандық шикі мұнай экспорты жалпы көлемінің 54 пайызын құрайды және ол Қазақстан үшін еуропалық нарықтың жоғары тартымдылығын көрсетеді. Өз кезегінде еурокомиссар А.Пиебалгс қазақстан-еуропалық энергетика саласындағы ынтымақтастықтың серпінді дамып отырғанын және өзара қарым-қатынастарда ешқандай түйткілдер жоқ екенін атап өтті. Бұл орайда ол Қазақстанның румынның «Rompetrol» мұнай кәсіпорнына ойдағыдай қатысып отырғанын атап өтті, сондай-ақ қазақстандық өкілдердің ағымдағы жылғы мамырдың 8-інде Прагада өткен «Оңтүстік дәліз ? жаңа Жібек жолы» энергетикалық саммитіне қатысқаны үшін алғысын білдірді. А.Пиебалгс ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан аумағында Халықаралық ядролық банкін құру туралы ұсынысын жоғары бағалап, бұл мәселе жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін атом энергетикасы саласындағы тараптардың стратегиялық өзара байланысына қатысты екенін атап көрсетті. Қазақстандық дипломат ҚР Сыртқы істер министрі Марат Тәжиннің ағымдағы жылғы наурыздағы Брюссельге сапары ауқымында Еуропалық Одақ басшыларымен кездесулері туралы айтып берді. Ол осы келіссөздердің қорытындысы бойынша Еуроодақпен жаңа негіздемелік келісім жасасу жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілгенін атап өтті.Комиссар А.Пиебалгс экономикалық салада, соның ішінде энергетиканы қоса алғанда 2030 жылға дейінгі Қазақстан ? Еуроодақ екіжақты бөлек құжат әзірлеу қажеттігі жөніндегі ұсынысты қолдады. Сұхбаттасушылар сондай-ақ Еуропалық инвестициялық банктің қаржыландыру мүмкіндігін ескере отырып, энергетика саласындағы қазақстан-еуропалық бірлескен жобалар топтамасын әзірлеу қажеттігін талқылады.
Соңғы жаңалықтар