12:25, 12 Ақпан 2009 | GMT +5
Қазақстан Еуроодақпен ынтымақтастық туралы жаңа келісімге қол қоймақ ниетте - Елбасы
АСТАНА. Ақпанның 12-сі. ҚазАқпарат - Қазақстан Еуроодақпен ынтымақтастық туралы жаңа келісімге қол қоймақ ниетте.

Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елімізге сапармен келген Чехия Республикасының премьер-министрі Мирек Топаланекпен кездесуде мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қазақстан басшысы қонақты Чехияның Еуроодаққа төраға болуымен құттықтай келе, «Еуропалық Одақпен ынтымақтастық Қазақстан үшін сыртқы экономикалық қызметтегі өте маңызды стратегиялық бағыт болып табылады және біз тәуелсіздік алғаннан бері Еуроодақпен белсенді ынтымақтастықтамыз», - деп атап көрсетті.«Біз ынтымақтастық туралы жаңа келісім жасағымыз келеді, себебі алғашқы келісім осыдан 14 жыл бұрын жасалған. Одан бері көп нәрсе өзгерді, Еуроодақтың аясы кеңейді», - деді Елбасы өз сөзінде.