Қазақстан Еуропа мен Азия арасындағы транзиттік көпір рөлін атқаруға әзір - Б.Сағынтаев

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Боао қаласындағы (Хайнань провинциясы, ҚХР) Боао азиялық форумының 15-ші сессиясына қатысты.
None
None

Б. Сағынтаев сөйлеген сөзінде ағымдағы жылғы «Азияның жаңа келешегі: Жаңа серпін, жаңа пайым» атты тақырыпта өткен Боао азиялық форумының субқұрлықта өзара іс-қимылдың тереңдеуіне және әлемдік экономиканы сауықтыру жолдарын іздеуде салмақты үлесі бар екенін атап өтті, деп хабарлады primeminister.kz.

Азия жаһандық халықаралық қатынастардың басты алаңына айналуда, ал Қазақстан өзінің бірегей географиялық жағдайын пайдалана отырып, Еуропа мен Азия арасында транзиттік көпір рөлін атқаруға әзір, деп атап өтті вице-премьер.

Оның пікірінше, бұл орайда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұрлы Жол» жаңа экономикалық саясаты мен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин ұсынған «Бір белдеу, бір жол» бастамасының түйісу үдерісі заманауи болып табылады. Бұл ынтымақтастықты нығайтып, ежелгі Ұлы Жібек жолын қайта жандандыру арқылы өңір елдерінің әлеуетін ашуға мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, БАФ қатысу аясында Б. Сағынтаев ҚХР Мемлекеттік Кеңесінің Премьері Ли Кэцянмен, Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің президенті Цзинь Лицюнмен, CITIC Construction компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Хун Бомен, Шэньси провинциясының губернаторы Лоу Циньцзянмен кездесу өткізді.

Келіссөздер барысында Қазақстан мен Қытай арасындағы жан-жақты стратегиялық әріптестікті дамыту бойынша шаралар талқыланды.

Соңғы жаңалықтар