Қазақстан Еуропаға қой мен жылқы етін қашан экспорттайды — министр

АСТАНА. KAZINFORM — ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкімет отырысынан кейінгі брифингте Қазақстанның Еуропа нарығына ауыл шаруашылығы өнімдерін шығару жоспары туралы хабарлады.

Сколько стоит конина
Коллаж: Kazinform/ Canva

Министрдің айтуынша, Қазақстан Еуропа нарығына бал экспорттау мәселесін шешті. Оның айтуынша, енді қой мен жылқы етін Еуропаға шығару жұмыстары жүріп жатыр.

— Еуропадан мамандар келіп, ет комбинаттарын қарайды, тексереді. Сауалнама хаттарын толтырамыз. Ескертуі болса, қайта толтырамыз. Мүмкін осы мәселелер жарты жылдың ішінде реттеледі, — деді Айдарбек Сапаров.

Оның айуытнша, ет экспорты бал сияқты оңай шешілмейді. Еуропа елдері қатаң ветеринарлық және санитарлық талап қояды. Сондықтан еуропалық инспекторлар Қазақстанға арнайы келіп, ет комбинаттарын аралап, өндіріс стандарттарын тексереді. Барлық талап орындалған жағдайда ғана қазақстандық ет өнімдері Еуропа нарығына жолданады.

Бұған дейін министр сиыр еті экспортына қойылған шектеудің жеңілдеуі мүмкін екенін айтқан еді. 

Соңғы жаңалықтар
Референдум