Қазақстан Еуропалық одақпен қарым-қатынасты дамытуға стратегиялық тұрғыда мән береді - Н.Назарбаев

Бұл туралы бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Еуропалық комиссияның Төрағасы Жозе Мануэль Баррозумен кездесуден кейінгі бірлескен баспасөз мәлімдемесі кезінде айтты.
«Қазақстан Еуропалық одақпен қарым-қатынасты дамытуға стратегиялық тұрғыдан үлкен мән береді. Еуропалық одақ, Еуропа мемлекеттері Қазақстан үшін ең үлкен экономикалық әріптес болып саналады», - деді ҚР Президенті.
Мемлекет басшысының атап өтуінше, Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы сауда-саттық көлемі 53 млрд. доллардан асып отыр. Тәуелсіздік жылдары ішінде Еуропа елдері мен Қазақстанға тартылған инвестиция 80 млрд. долларға жетіп, жалпы инвестиция көлемінің 49 пайызын құрады.
«Сондықтан біздің бүгінгі болған әңгімелесуіміз өте нәтижелі болды деп санаймын», - деді Н.Назарбаев.