Қазақстан ЭЫДҰ комитеттеріндегі байқаушы мәртебесін алуға өтінішін таныстырды

РИЖ. 22 қараша. ҚазАқпарат /Қанат Құлшыманов/ - Сейсенбі күні Францияға жасаған жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының кеңесіне қатыса отырып, Қазақстанның Ұйымның комитеттеріндегі байқаушы мәртебесін алуға өтінішін таныстырды.
None
None

Өз сөзінде Кәрім Мәсімов еліміздің ЭЫДҰ стандарттарын енгізуге және Ұйым комиттерімен ынтымақтастық орнатуға талпынысын атап көрсетті.

«Жарты ғасыр бұрын, ЭЫДҰ құрылған кезде, Қазақстанның уақыт өте келе аталмыш Ұйымға өтініш беретінін ешкім білген жоқ. Тіпті 20 жыл бұрын да, біздің еліміз тәуелсіздік алған кезде, мұндай мақсат ешкімнің қаперінде болмады", - деп атап көрсетті К.Мәсімов.

Қазақстанның үкімет басшысы: «соңғы 20 жыл оңай болмағанын, алайда бүгінгі таңда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың көшбасшылығымен үлкен жетістіктерге қол жеткізілді», - деп атап өтті.

Соңғы екі онжылдықта Қазақстан мықты экономикалық өсімін сақтап, адам басына шаққандағы жалпы ішкі өнім мөлшерін 12 есеге - 700 АҚШ долларынан 9 000 АҚШ долларына дейін жеткізді. Ал соңғы 10 жыл ішінде еліміз әлемнің экономикасы тез даму үстіндегі ондығына кіріп, Дүниежүзілік банк кірісі орташа деңгейден жоғары ұлт ретінде жүйелеуде.

«Біздің экономикамыз әлемдегі тез даму үстіндегі экономикалардың бірі болып табылады, оның орташа өсімі жылына 8 пайызды құрайды», - деп түсіндірді Қазақстанның Үкімет басшысы.

Соңғы жаңалықтар