Қазақстан фермерлер одағының басшысы ұсталды - ІІМ

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ішкі істер министрлігі Қазақстан фермерлер одағы басшысының ұсталғанын растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан фермерлер одағының басшысы ұсталды - ІІМ

«Бұқаралық ақпарат құралдарында «Қазақстан фермерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі басшысының ұсталғаны туралы ақпарат тарап жатыр. Ішкі істер министрлігі аталған фактіні растайды», - делінген хабарламада.

Министрліктен мәлім етілгеніндей, 11 ақпан күні ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. Сот санкциясымен оны қамауға алу туралы шара қабылданды.

«Тергеу шараларының жүргізілуіне байланысты қандай да бір ақпарат таратылмайды», - деді министрліктен.