Қазақстан футбол кубогында «Астана» «Қайсардан» басым түсті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Қазақстан кубогы бесінші туры мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан футбол кубогында «Астана» «Қайсардан» басым түсті

Елордалық «Астана» кубокта ала-құла ойынымен көзге түсті.

Негізінен жастар жасыл алаңға шықты. Нәтижесінде кейбір қарсыластарына есе жіберіп қойды.

Дегенмен бүгінгі өз алаңындағы «Қайсармен» кездесуінде негізгі футболшыларды ойынға қосты.

Ойын тағдырын 2-минутта «Астананың» жартылай қорғаушысы Тигран Барсегян соққан жалғыз гол шешті.

Осылайша елордалық клуб қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсті.

Дәл осы есеппен Ақтаудың «Каспийі» сырт алаңда түркістандық «Тұраннан» басым түсті.

Кездесуде ақтаулық Талғат Кусяпов мергендік танытты.

Аталған турда бұдан бұрын Кездесуде «Қайрат» қарсыласынан 3:0, Қостанайдың «Тобылы» өз алаңында «Тараздан» 2:1 есебімен басым түсті.

Ал 7 тамызда «Қызылжар» СДЮСШОР №8 командасын 3:2, «Ақжайық» «Ақтөбені» 2:1 есебімен жеңсе, «Мақтарал» мен «Атырау» 1:1 есебімен тең түсті.

Алтыншы тур ойындары 14 тамыз күні өткізіледі.