Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті

Қазақстан футбол лигасы
Фото: Қазақстан футбол лигасы

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян  қызметінен кетті. Мұндай шешім қабылдауына оның басқа қызметке ауысуы себеп болды.

Рафаэль Гарибян Қазақстан футбол лигасы президенті лауазымына 2023 жылдың 2 мамырында тағайындалды. Оның басшылығымен бірқатар жоба жүзеге асты.

Атап айтқанда, олардың қатарында Лига ребрендингі, жаңа регламенттердің қабылдануы, маркетингтік стратегия, жаңа демеушілердің келуі және басқа да жобалар бар. Бұл жобалар еліміздегі клубтық футболдың дамуына ерекше үлес қосты.

Бұл қызметті қазақстандық белгілі маман Ғани Қайназаров атқаратын болды.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Ордабасы» ФК президенті денсаулығына байланысты қызметінен кетті.

 

Соңғы жаңалықтар