Қазақстан футзал құрамасы жолдастық кездесуде Тәжікстанды жеңіп кетті
АСТАНА. KAZINFORM — Футзалдан Қазақстан құрамасы Тәжікстанмен тағы бір мәрте жолдастық кездесу өткізді.

Кездесу барысында ел құрамасынан Арнольд Кнауб, Азат Валиуллин, Қанат Жеткирбаев, Дуглас Жуниор мергендік танытса, оған тәжікстандық футзалшылар үш голмен жауап қайырды.
Осылайша Қазақстан құрамасы қарсыласын 4:3 есебімен жеңіп кетті.
Айта кетсек, бұдан бұрын ел құрамасы Тәжікістанмен алғашқы кездесуінде 3:0 есебімен басым түскен еді.
Енді құрама 5 қыркүйекке дейін Астанада жаттығады. Олардың 30 тамыз және 1 қыркүйекте Иранға қарсы екі жолдастық матчы жоспарланған.
Жиынның қорытынды кезеңі Алматыда 6-10 қыркүйек аралығында болады. 7 қыркүйек күні Қазақстан құрамасы Аргентинамен шеберлік байқасады.
Айта кетсек, биыл әлем чемпионаты 14 қыркүйек пен 6 қазан аралығында Өзбекстанда өтеді.
Қазақстан құрамасы Испания, Ливия және Жаңа Зеландия құрамаларымен кездеседі.