«Қазақстан ғарыш сапары» мен Airbus ғарыш аппараттарын құрастыру кешенін салып жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақстан ғарыш сапары» мен Airbus ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенін салып жатыр.
None
None

Бұл туралы бүгін Астанада Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев мәлім етті.

Осы жобаны іске асыруда стратегиялық әріптес әрі ғарыш саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі «Airbus Defence and Space» француз компаниясы таңдалды.

Оның сөзіне қарағанда, жобаны жүзеге асыру нәтижесінде ғарыш аппараттарын, спутниктік аппаратураларды және ғарыш техникаларын жобалау, құрамдас бөліктерін әзірлеу, жинау және сынау үшін жоғары технологиялық кәсіпорын салынатын болады.

Атап айтқанда, бұл кешенде байланыс спутнигі; Жерді қашықтықтан зондтау спутниктері (оптикалық және радиолокациялық); ғылыми-технологиялық спутниктер секілді ғарыш аппараттарының түрлері жобаланып, құрастырылады және сынақтан өткізіледі.

Айта кетейік, Елбасы өзінің «100 қадам» Ұлт жоспары реформаларында экономиканың басым секторларында «зәкірлік инвесторлармен» - «Эйр Астана», «Теңіз-Шевройл», ҚТЖ локомотивтерін шығару жөніндегі зауыт үлгісі бойынша халықаралық стратегиялық серіктестермен бірлескен кәсіпорындар құру жөнінде тапсырма берген болатын.

Онда шетелдерден жоғары білікті мамандар тарту үшін АҚШ, Канада, Австралия үлгісі бойынша қолайлы көші-қон режімін қалыптастыруды да қосымша жүргізу тапсырылды.

Соңғы жаңалықтар