«Қазақстан ғарыш сапары» ұлттық компаниясының президенті тағайындалды

«Кеше компанияның бұрынғы басшысы Марат Нұрғожин ғарыш қызметінің даму мәселелері бойынша ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі болып тағайындалды. Ал бүгін Қазақстанда ғарыш технологияларын құру бойынша үлкен және маңызды міндеттер артылған «Қазақстан Ғарыш Сапары» компаниясында тағайындау жұмыстарын жүргізудеміз», - деді Атамқұлов.
Ерғазы Нұрғалиев 62 жаста. 1954 жылы 4 маусымда Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданы Еспе ауылында туған.
1977 жылы Өскемен құрылыс-жол институтының сәулет факультетін бітірген, 2001 жылы Мәскеу халықаралық тәуелсіз экологиялық-саяси университетін «заңгер» мамандығы бойынша бітірген.
1977 жылы Кеңес әскерінің қатарына Байқоңыр айлағына жіберілген.
Байқоңырда 30 жылдан астам еңбек етті. 2007 жылдың қазан айында ҚР Президентінің өкімімен ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды.
2016 жылдың қараша айынан бастап, ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары болды.
II дәрежелі «Достық» орденімен (2001), «Парасат» орденімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001) медалімен марапатталған.
Министр «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұжымына жаңа басшымен бірге табысты еңбек тілеп, Қазақстан ғарыш саласының барлық қызметкерлерін келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады.