Қазақстан ғарыштық жоғары көрсеткішті технологияларды игерген 10 елдің қатарына енді (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан ғарыштық жоғары көрсеткішті технологияларды игерген 10 елдің қатарына енді. Бұл туралы бүгін Астанада «Қазақстандағы ғарыш күндері-2015» халықаралық семинарда ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев мәлім етті.
None
None

«Ғарыш саласы еліміз үшін өте маңызды сала. Бүкіл әлем ғарышты игеруге тырысады. Бұл болашақта ғылыми-техникалық прогресс үшін зор пайда береді. сондықтан оның Қазақстанның келешегі үшін аса маңызды», - деп атап өтті министр.

«Соңғы жылдары бізде өзіміздің отандық спутнигіміз пайда болды. Бізде 4 жерсерігі бар. Қазір біз әлемде ғарыш технологияларын игерген 30 елдің қатарындамыз. Жоғары көрсеткішті технологиялар бойынша біз 10 елдің қатарына ендік. Жерсеріктерінің құрылысымен қатар, бізде мамандарды даярлау ісінде де көп жетістіктер бар. Бізде қазір ғарыш комитетінде шамамен 1300 астам қызметкер жұмыс істеуде. Оның ішінде 500 ғалым, 130 адам шетелде оқыған жоғары кәсіби деңгейлі инженерлер бар. Қазақстанда 4 университетте ғарыш мамандарын даярлау бойынша жұмыстарды жасаудамыз», - деді Ә.Исекешев.

Оның атап өткеніндей, ғарыш саласындағы зерттеулер ауыл шаруашылығына, көлік саласына, экологияға және басқа да көптеген секторлардың дамуына өте қажет. Қазіргі уақытта ғарыш технологиялары экологиялық бағдарламаларды жасақтауға қолданып жатыр. Осы іспеттес бірлескен жобалар жақын арада арта бермек.

Айта кеткен жөн, аталмыш халықаралық семинарға әлемнің 20-дан астам елінен делегаттар қатысуда. Атап айтқанда, Франция, АҚШ, Израиль, Ұлыбритания, Швейцария, Испания, Норвегия, Нидерландs, Жапония, Канада, Египет, Оңтүстік Африка, Корея, Қытай, Иран, Ресей, Украина, Беларусь елдерінен 350-ден астам маман келіп отыр.

Семинарды ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Аэроғарыш комитеті мен «Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық компаниясы» АҚ ұйымдастырған.

Соңғы жаңалықтар