Қазақстан гендерлік теңдік мәселесі бойынша алғашқы отыздыққа енуге таяу - Мемлекет басшысы

АСТАНА. 7 наурыз. ҚазАқпарат - Гендерлік теңдік мәселесі бойынша Қазақстан жаһандық рейтингіде көптеген дамыған елдерді басып озып, алғашқы отыздыққа енуге жақын қалды.
None
None

Бұл туралы бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай «Көктем шуағы» Қазақстанның әйелдер қоғамдастығы өкілдерімен кездесуінде мәлім етті.

Мемлекет басшысының айтуынша, «Қазақстан - 2050» Стратегиясында осы ғасырдың ортасына қарай ең күшті дамыған 30 елдің қатарына ену басты мақсат етіп қойылды.

«Сол кезде біздің өмір сүру деңгейіміз қазіргі Орталық және Батыс Еуропа елдерімен теңеседі. Бұған жету үшін бізде барлығы бар. Тіпті кейбір көрсеткіштер бойынша олардан қазірдің өзінде озып кеттік. Мәселен, әлемдегі 135 елдің ішінде Қазақстан жаһандық рейтингіде гендерлік теңдік бойынша 31-ші орында тұр. Бұл жаман емес қой. Мен мұны осы жылдар арасында мемлекетіміз жүргізген сарабдал саясаттың жемісі деп есептеймін. Дегенмен әйел теңдігі деп шектен шығып кетуге де болмайды. Әркімнің өз құқығы бар!», - деді Н. Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар