Қазақстан географиялық басымдығын тиімді қолданатын болады - Қасымбек

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мұхитқа тікелей шыға алмай отырса да, Қазақстан екі жағындағы екі алып нарықты байланыстыру арқылы пайда табуды көздейді. Бұл туралы Астанада өтіп жатқан Х «ТрансЕуразия-2017» көлік-транзиттік әлеует жөніндегі халықаралық конференциясында ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Қазақстан мұхитқа тікелей шыға алмағандықтан, көлік пен логистика - біз үшін маңызды фактор. Жүк тасымалын жүзеге асырушы елміз. Әр түрлі тауарлардың ауқымды мөлшерін экспорттаймыз. Біздің нарық кейбір алып нарықтардан 2,5 мың, 3-4 мың шақырым алыста жатыр. Сондықтан, көлік пен логистиканың дамуы бізде үлкен маңызға ие», - дейді Жеңіс Қасымбек.

Оның айтуынша, Қазақстан мұхитқа шыға алмаса да, географиялық тұрғыдан өзінің басымдықтарын тиімді түрде қолданатын болады.

«Мұхиттан шалғай жатқанымызбен әлемдегі екі ірі нарықтың ортасында отырғанымызды білеміз. Олар Еуропалық Одақ пен Қытай нарығы. Жұмыс ретін бейімдейтін «теңіздеріміз бен мұхиттарымыз» да дәл осы екі нарық. Бүгінгі күні осы бағытта жүк тасымалының ағынын арттыруды көздеп отырмыз», - дейді ол.

Министр сонымен бірге, «Қазақстан Темір жолы» компаниясының түсім бойыша транзиттік үлесі 10-12 пайызды құрайтынын, таза пайда үшін бұл Ұлттық компанияның төрттен бір бөлігі деп айтуға болатынын жеткізді. "Бұл біздіңше өте үлкен әлеует. 2020 жылға қарай көліктік инфраққұрылымды дамытуға 8-9 млрд АҚШ долларын жұмсауды көздеп отырмыз. Бұл жұмыс өз тиімділігін беретініне сенімдіміз", - дейді Жеңіс Қасымбек.

Еске сала кетсек, бүгін Астанада Х «ТрансЕуразия-2017» көлік-транзиттік әлеует жөніндегі халықаралық конференциясы басталды. Оған Латвия, Литва, Түркия, Әзербайжан, Ресей, Беларусь елдерінен 300-ге жуық делегат қатысып жатыр. 

Соңғы жаңалықтар
telegram