Қазақстан-Германия сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық жұмыс тобының 10-шы отырысы өтті

Қазақстан делегациясын ҚР Үкіметаралық жұмыс тобының тең төрағасы, Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі Альберт Рау, герман делегациясын Германияның экономика және энергетика Федералдық министрінің орынбасары, Үкіметаралық жұмыс тобының тең төрағасы Экхард Франц басқарды. Іс-шараға ГФР-ғы ҚР Елшісі Болат Нүсіпов және Бундестаг депутаты Карин Штренц, Мекленбург-Алдыңғы Померания әкімшілігінің және Шверин Сауда-өнеркәсіп палатасының басшылығы, сондай-ақ екі елдің салалық министрліктердің, ведомстволардың және экономикалық саладағы мекемелерден келген 50-ден астам өкілдер қатысты.
Отырыс барысында қатысушылар сауда-экономикалық ынтымақтастық, қаржы ынтымақтастық, инновация және инвестициялар, көлік және жүк тасымалдау, энергетика және шикізат, жаңартылған энергия көздерін дамыту, қоршаған ортаны қорғау, ауылшаруашылық, ғылым және білім, сонымен қатар Қазақстанда германдық жоба үлгісіндегі дуалдық білім жүйесін енгізіп, «Назарбаев-Меркель» бастамасын іске асыру, мәдениет, туризм, денсаулық, статистика, өңіраралық ынтымақтастық орнату, сонымен бірге құқықтық-келісім негізін дамыту мәселелерін кең көлемде талқылады.
Қазақстандық-германдық үкіметаралық келісімін, қазақстандық-германдық Іскерлік кеңесінің стратегиялық ынтымақтастығына енген басымдылық - шикізаттық, өнеркәсіптік, технологиялық салалардағы әріптестікті дамыту, екіжақты серпінді жобаларды іске асыру сияқты сұрақтарына, сонымен қатар Астана қаласында өтетін халықаралық мамандандырылған «ЭКСПО-2017» көрмесіне Германияның қатысуына ерекше көңіл бөлінді. Ағымдағы жылы екі ел арасында қол қоюға дайын ірі инвестициялық келісімдердің тізімі келесілді және бекітілді.
Сапар барысында қазақстандық делегация Росток қаласының сауда кемежайына барып қайтты және Қазақстанда жұмыс жасауға қызығушылық білдірген бірқатар компаниялардың басшыларымен келіссөздер өткізді.