Қазақстан Грузия экономикасына инвестиция құюды жалғастырады - К.Мәсімов

None
None
АСТАНА. 7 желтоқсан. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Қазақстан Грузия экономикасына инвестиция құюды жалғастырады.

Бұл туралы бүгін елімізге жұмыс сапарымен келген Грузияның Премьер-Министрі Николас Гилауримен кездескеннен кейін ҚР Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов мәлім етті.

Екі елдің саяси қарым-қатынастары жоғары деңгейде екендігін атап өткен К.Мәсімов: «Біз тағы бір мәрте Грузия экономикасын инвестициялауға қызығушылық танытып отырғандығымызды қуаттадық. Сонымен қатар қазақстандық жүктерді Әзербайжан мен Грузия аумағы арқылы экспортқа шығару мүмкіндігін қарастырдық, өйткені олар өте маңызды», - деді.

Премьер-Министрдің атап өтуінше, қазақстандық компаниялар Грузия экономикасындағы ірі инвесторларға айналып, айлақ бизнесі, газ тарату жүйесі, қонақ үй саласы сынды секторларда қарқынды жұмыс істеуде.

«Менің ойымша, бұл сапар біздің елдеріміздің арасындағы ынтымақтастықты тереңдету үшін қосымша мүмкіндіктер береді», - деді К.Мәсімов.

Соңғы жаңалықтар
telegram