Қазақстан халықаралық төреліктен $5 млрд айыппұлға қатысты хабарландыру алды

АСТАНА. KAZINFORM – Қашаған кен орнын игеруші NCOC компаниясы экологиялық айыппұлға байланысты түсірген талап арызға сай, Қазақстан халықаралық төрелікке қатысады. Бұл жөнінде ҚР Әділет министрлігі мәлімдеді. 

Қазақстан халықаралық төреліктен $5 млрд айыппұлға қатысты хабарландыру алды
Фото: facebook.com / ncoc.kz

– Қашаған кен орнындағы мердігер компаниялар 2026 жылдың 9 ақпанында халықаралық төрелікке өтінім берген. Соған байланысты Қазақстанға Инвестициялық дауларды реттеудің халықаралық орталығынан хабарлама келді, - деген ақпарат таратты министрліктің баспасөз қызметі.

Ведомство мәліметінше, дауға себеп болған мәселе бойынша жауапты әрі құзіретті мемлекеттік орган сот отырыстарында ҚР Үкіметінің мүддесін қорғайды. Ал Әділет министрлігі оған құқықтық және консультациялық көмек көрсетеді. 

Айта кетейік, Қазақстан үкіметі мұнай алпауыттарымен бірнеше жылдан бері соттасып жатыр

Еске салсақ, 2023 жылы North Caspian Operating Company компаниясына жүргізілген тексеру қорытындысында күкірттің нормадан тыс сақталғаны анықталды. Рұқсат етілген 730 мың тонна күкірттің орнына 1 млн 750 мың тонна күкірт сақталған. Сол себепті, Қазақстан Қашаған операторын экологиялық нормаларды өрескел бұзғаны үшін 2,3 трлн теңге немесе 5,1 млрд долларға сотқа берген еді. 

Соңғы жаңалықтар
Референдум