«Қазақстан халқы Ассамблеясы» депутаттық тобының отырысы өтті

АСТАНА. 13 ақпан. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Мәжілісінде «Қазақстан халқы Ассамблеясы» депутаттық тобының кезекті отырысы болып өтті. Онда Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын насихаттаудағы ақпараттық жұмыстардың негізгі артықшылықтары жайында сөз болды.
None
None

Жиын барысында депутаттық топ жетекшісі Жұматай Әлиев Мәжіліс депутаттарының өңірлерде болған жұмыстарын қорытындылады. Оның айтуныша, Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған депутаттар Қазақстан Республикасының Президенті -Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа жасаған Жолдауын насихаттау барысында республиканың 59 елді-мекенінде болып, халықпен 87 кездесу өткізген. Ондай кездесуге 13 700 қазақстандықтар қатысса, депутаттардың жеке қабылдауында 90 адам болды.

Сонымен қатар, отырыста Қазақстан халқы Ассамблеясының XIX сессиясында ел Президентінің бейбітшілік пен бірлікті сақтау, қоғамдық және этносаралық келісім мәселелері бойынша, партияаралық ынтымақтықты ұйымдастыру үшін депутаттық топ құру жөніндегі берген тапсырмасы жайында сөз болды. Осы тапсырма аясында өңірлердегі мәслихаттардағы депутаттық топтар басшыларымен семинар-кеңес өткізу қарастырылып отыр.

Депутаттық топтың отырысына Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Л. Прокопенко мен ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының этносаралық және конфессиялық қатынастарды зерттеу орталығының жетекшісі Айгүл Сәдуақасова қатынасып сөз сөйледі.

Соңғы жаңалықтар