Қазақстан халқы Ассамблеясы, Қазақстан омарташыларының ұлттық одағы және Медеу аудандық әкімшілігімен бірлесіп «Алтын - Күз» бал жәрмеңкесін өткізеді

ТАНА. 23 қараша. ҚазАқпарат. Қазақстан халқы Ассамблеясы, Қазақстан омарташыларының ұлттық одағы және Медеу аудандық әкімшілігімен бірлесіп «Алтын - Күз» бал жәрмеңкесін өткізеді.
None
None

Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында еліміздің егемендік алған жылдарында жеткен жетістіктері мен табыстары, салауатты өмір салтын қалыптастыру, позитивті экономикалық және әлеуметтік қайта өркендеуінің нәтижесі, соның арқасында Қазақстан халқының жағдайы жақсарғаны, кеңінен өркендегені тәуелсіздігіміздің арқасы екендігі даусыз.

Іс - шараның негізгі мақсаты ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілерге қолдау көрсету. Фестивальға еліміздің Алматы облысы, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарынан 40-қа жуық омарташылар қатысып, өз өнімдерін қала халқына ұсынады. Алматылықтар балдың алуан түрін тұтынуға мүмкіндік алады.

«Алтын Күз» бал фестивалінің ашылу бағдарламасында: «Қазақстан - ортақ үйіміз» атты мерекелік концерт, сән үлгілерін көрсету, сайыстар, сөз жұмбақтар болады.

Фестиваль аясында «Қазақстан Республикасындағы омарташылық саласы. Қазіргі жағдайы мен дамуы» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді. Дөңгелек үстел 25 қараша күні сағат 15:00-де Алматы қаласы, Абай даңғылы, Наурызбай батыр көшесінің қилысында орналасқан Қазақ Ұлттық аграрлық университетінде (10 корпус, 218 акт залы ) болады, деп хабарлайды ҚХА баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар