ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ: Жамбыл облысында Дұнған мәдениетінің күндері өтті

ТАРАЗ. КАЗИНФОРМ - Қордай ауданындағы Дұнған мәдениеті күндерінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы және Жамбыл облысында «Вынхуа» дұнған мәдени орталығы құрылғандығының 20 жылдығы аталып өтті.
None
None

Мерекелік шара барысында соғыс және еңбек ардагерлері, ғылым және мәдениет қайраткерлері, жастар, Жамбыл облысындағы этнобірлестіктер өкілдері, Қырғызстаннан келген қонақтар Масанчи ауылындағы музейді көрді.

Сортөбе елді мекенінің мәдениет сарайында «20 жыл бейбітшілік пен келісім» тақырыбында «дөңгелек үстел» отырысы ұйымдастырылды. Бұдан басқа қолданбалы өнер байқауы өтіп, онда ежелгі дұнған мәдениетінің дәстүрлері көрсетілді.

«Қазақстандағы 56 мың дұнғанның 30 мыңнан астамы Жамбыл облысында тіршілік етіп келеді, оның 70 пайызы-қордай ауданында»,- дейді Жамбыл облысындағы «Вынхуа» дұнған мәдени орталығы қауымдастығының басшысы Руслан Исмазов.

«Бүгінгі дұнған - тәуелсіз Қазақстанның өзара тату-тәтті тіршілік кешіп жатқан халықтарының бірі және республика экономикасының дамуына елеулі үлес қосуда».

Соңғы жаңалықтар