Қазақстан халқы Ассамблеясы жергілікті полицияның жұмысын бағаламақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан халқы Ассамблеясы енді жергілікті полицияның жұмысын бағалайды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ҚХА атынан Мəжіліс депутаты Ахмед Мурадов айтты.

Қазақстан халқы Ассамблеясы жергілікті полицияның жұмысын бағаламақ

"Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы" Заңға енгізілген өзгерістерге сəйкес, Ассамблея сессиясының шешімі билік органдарының барлығына, əсіресе, ҚХА кеңесіне мүше облыс əкімдеріне, бірқатар мемлекеттік органдардың жетекшілеріне міндетті болады. Жоғарыда айтқан заң Ассамблея жетекшілерінен ҚХА төрағасы алдында, ҚР Президенті алдында жыл сайын есеп беруге міндеттеледі", - деп хабарлады ол. Депутат сондай-ақ нақты заңдарға өзгерістер енгізілгенін жəне сол өзгерістер тіпті жергілікті полицияның жұмысына араласуға мүмкіндік беретінін жеткізді. "Нақты қандай заңдарға өзгерістер енгізілді десек, бұл "Қоғамдық кеңес туралы", "Үкіметтік емес ұйымдар туралы", "Ақпараттың қолжетімділігі туралы", тіпті, "Жергілікті полиция туралы" заңдар. Яғни, Қазақстан халқы Ассамблеясы жергілікті полицияның жұмысын бағалайды деген сөз. Сонымен қатар Еңбек кодексінде жазылғандай, Қазақстан халқы Ассамблеясы бірлік пен келісім сақтау үшін медиация ісіне арасалады. Медиация институты - біздің қызметіміздің бір бөлігі", - деді депутат.