Қазақстан халқы Ассамблеясын құру - Елбасының дана шешімдерінің бірі - Л.Шик

ӨСКЕМЕН. 18 сәуір. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Бүгін Астанада ашылатын Қазақстан халқы Ассамблеясының 17-сессиясына Шығыс Қазақстанның атынан 25 делегат қатысады.
None
None

Олардың қатарында - аймақтағы этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, Кіші ассамблеяның және оның жанындағы ғылыми-сараптамалық кеңестің мүшелері бар.

Сессия делегаты, Ассамблеяның байырғы мүшелерінің бірі, Өскемендегі Халықтар достығы үйінің негізін қалаған және оны ұзақ жылдар бойы басқарған Лео Шиктің айтуынша, «егемен Қазақстанның басты жетістіктері - бейбітшілік, прогресс және қоғамдық келісім» болып табылады.

«Қазақстан халқы Ассамблеясын құру - Елбасының дана шешімдерінің бірі», - дейді өскемендік делегат.

Соңғы жаңалықтар
Референдум