Қазақстан халқы Ассамблеясының делегациясы Нидерланды Корольдігінде болды

АНА. Қыркүйектің 10-ы. ҚазАқпарат - Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов басқарған қазақстандық делегация өткен аптада Нидерланды Корольдігінде болды,
None
None

деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

«Қазақстандағы ұлыстардың тарихы жалғасып жатқан елдермен қарым-қатынастарды нығайту және конфессияаралық және ұлысаралық келісімді шет елдерге дәріптеу» мемлекеттік бағдарламасы аясында өткен сапар барысында қазақстандық делегацияның Нидерланды Корольдігі Сыртқы істер министрлігі мен Интеграциялану министрлігінде кездесуі болып, оның барысында голландиялық тарап Қазақстан халқы Ассамблеясы институтымен таныстырылды.

Семинар қорытындысы бойынша семинарға қатысушылар көп ұлыстық және көп конфессиялық қоғам құрылысындағы ҚР-ның баға жетпес бай тәжірибесі Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына 2010 жылы табысты төрағалық етуінің бірден-бір кепілі болатынын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар