Қазақстан халқы Ассамблеясының медиафорумы өз жұмысын бастады

АСТАНА. 15 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының халықаралық медиафорумы өз жұмысын бастады.
None
None

«Төзімділік және БАҚ» атты тақырыптағы халықаралық шара негізінен БҰҰ Бас Ассамблеясының 16 қарашаны Халықаралық толеранттылық күні ретінде жариялау аясында өтуде. Форумды Қазақстан халқы Ассамблеясы, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, ҚР Білім және ғылым министрлігі ұйымдастырып отыр.

Жиынның ашылуында форумға қатысушылар алдында ҚР Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары Бағлан Майлыбаев сөз сөйлеп, бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамда алар орны мен елдегі тұрақтылыққа қосар үлесі ерекше екенін атап өтті. Әсіресе, этносаралық және конфессияаралық татулық Қазақстанның басты құндылығы екенін, бұл құндылықты сақтауға БАҚ рөлі ерекше екенін атап өтті. Бұған Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев та өзінің «Қазақстан-2050» стратегиясында баса назар аударған.

Еске сала кетейік, Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырып отырған халықаралық медиа форум ҚР Тұңғыш Президенті күні мен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекелерінің аясындағы іс-шараларға ұласатын болады.

Соңғы жаңалықтар