Қазақстан халқы Ассамблеясының отыз бірінші сессиясы шақырылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының отыз бірінші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды. Сессия 29 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласында өтеді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
None
None

Қазақстан халқы Ассамблеясының отыз бірінші сессиясын шақыру туралы

2022 жылғы 29 наурыз

1. Қазақстан халқы Ассамблеясының отыз бірінші сессиясы 2022 жылғы 29 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласында «Ел бірлігі – жаңарған Қазақстанның тірегі» күн тәртібімен шақырылсын.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан халқы Ассамблеясының отыз бірінші сессиясын өткізуді ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдасын.

Қазақстан Республикасының

Президенті Қ.Тоқаев

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 29 наурыз

№ 295


Соңғы жаңалықтар