Қазақстан халқы жеке тұрғын үй құрылысын инвестициялауды арттырды

ТАНА. 24 қараша. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Биыл Қазақстанда пайдалануға берілген тұрғын үйлердің 60 пайызы халық қаражатына салынды.
None
None

Бұл туралы бүгін алқа мәжілісі барысында ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы істері агенттігі төрағасының орынбасары Николай Тихонюк мәлім етті.

Агенттігінің деректері бойынша, 2011 жылдың 10 айында Қазақстанда 4,7 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Н. Тихонюктің айтуынша, жыл соңына дейін жалпы көлемі 6 млн. шаршы метр тұғын үй салу жоспарлануда.

«Биылғы жылдың он айы ішінде 4,7 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Оның 60 пайыз үлесі халық қаражатына салынды. Бұл әлемдік деңгей болып есептеледі. Қазір біз халық сенімінің артқанын көріп отырмыз. Дағдарыс уақытында халықтың құрылыс саласына деген сенімі төмендеп, жеке тұрғын үй құрылысына салынған инвестициялардың көлемі 48 пайызды құраған болатын», - дейді ол.

Агенттік мәліметтеріне сәйкес, кәсіпорындар мен ұйымдардың үлесі 1,5 млн. шаршы метрді құрап отыр. Оның дені үлескерлік нысандар мен мемлекеттік қолдаудың негізінде салынған тұрғын үйлер.

Соңғы жаңалықтар