Қазақстан халқының басым көпшілігі кезектен тыс Мәжіліс депутаттарының сайлауын өткізу жөніндегі шешімді қолдайды -сауалнама нәтижелері

АСТАНА. 17 қараша. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Елбасының Мәжілісті таратып, 2012 жылдың 15-ші қаңтарына кезектен тыс сайлау тағайындағандығынан еліміздің 68,3 пайызы хабардар болып шықты. «InfoSistem» зерттеу орталығы» қоғамдық қоры жүргізген сауалнаманың нәтижесі осындай. Бұл мәліметтермен бүгін «Нұр Отан» партиясы Парламентаризм институтының қоғамдық-саяси жобалар институтының меңгерушісі Жанар Бұқанова таныстырды.
None
None

Оның деректеріне қарағанда, кезектен тыс Мәжіліс өтетіндігін қалың көпшіліктің 47,4 пайызы телевидение арқылы, 37,8 пайызы таныстары мен туыстары арқылы, 22,7 пайызы радио арқылы, 20,5 пайызы интернет көздері арқылы білген. Ал баспасөз басылымдарынан сайлау өтетіндігі жөніндегі хабарды оқығандар небәрі 5,7 пайызды құраған. «Сауалнама нәтижелері қазақстандықтардың басым көпшілігі, нақтырақ айтқанда, 73,8 пайызы Мемлекет басшысының кезектен тыс президенттік сайлау өткізу жөніндегі шешімін қолдайтындықтарын білдірді»,-деді институт меңгерушісі.

Соңғы жаңалықтар