18:34, 22 Қараша 2011 | GMT +5
Қазақстан халық банкі акционерлердің шектелмеген тобынан артықшылықты акциялардың бір бөлігін сатып алмақ
АЛМАТЫ. 22 қараша. ҚазАқпарат / Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыда «Қазақстан халық жинақ банкі» АҚ-ы акционерлердің шектелмеген тобынан банктің орналастырылған артықшылықты акцияларының және қарапайым акцияға айырбасталатын артықшылықты акцияларының бір бөлігін сатып алуға ұсыныс жасау ниеті туралы хабарлады.

Олар жалпы көлемі 20 миллиард теңгеден аспайтын сомаға, нарықтағы ұсынысқа қарай бір акцияның құнын 140-145 теңгеден сатып алмақ. Акция сатып алу шарасы Қазақстан заңнамасына сәйкес ұйымдастырылған нарықта жүргізілетін болады. Акция сатып алуды ұйымдастыру жөнінде кеңес беруші «Halyk Finance» АҚ-ы болып отыр. Жалпы бұл шара «Самұрық-Қазына» АҚ-ы мен банктің арасындағы артықшылықты акцияларды қайта сатып алу туралы опциондық келісімді орындау болып табылмайды.