Қазақстан халық банкі дивиденд саясатын бекітті

АСТАНА. 2 қазан. ҚазАқпарат - «Қазақстан халық банкі» АҚ Директорлар кеңесі дивиденд саясатын бекітті. Бұл туралы банктің баспасөз ызметі хабарлайды.
None
None

Бекітілген дивиденд саясаты дивиденд төлеу туралы шешім қабылдаудың, дивиденд мөлшерін, оны төлеудің тәртібі мен мерзімін анықтаудың банк акционерлері үшін бүркемесіз және түсінікті тетіктері мен тәртібін одан әрі жетілдіріп, дамыта түсуге мүмкіндік береді.
Құжатта атап көрсетілгеніндей, егер банктің бөліп берілуге тиіс таза пайдасы бар болса және дивиденд төлеуге қойылған заңнамалық шектеулер болмаса, сондай-ақ банктің халықаралық кредиттік рейтингісі мен меншікті капитал бойынша жеткіліктілік деңгейінің нормативтері банктік жалпысалалық нормативтерден төмен болмаса, қарапайым акциялар бойынша дивиденд төлеуге жұмсалатын ақша сомасы банктің аудит жасалған, біріктірілген қаржылық есептемесіне сәйкес анықталған есептік жылдағы таза пайдасының жалпы мөлшерінің 15 пайыздан 50 пайызға дейінгі бөлігін құрайтын болады.

  

Соңғы жаңалықтар