Қазақстан халық банкі мен оның еншілес ұйымдары 9 айда 28,1 млрд теңге мөлшерінде таза пайда тапты

БанктіңБасқарма төрайымы Үміт Шаяхметованың айтуынша, таза табыс биыл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,2 пайызға ұлғайды. Активтер жыл басынан бері 6,8 пайызға артып, 1 қазанда 2 триллион 239 миллиард 654 миллион теңгені құрады. Активтер бойынша банктің нарықтық үлесі 16,8 пайызға дейін өсті.
2 тоқсанмен салыстырғанда 3 тоқсанда таза пайыздық табыс 22,2 миллиард теңгеге дейін ұлғайып, 2,7 пайызға өсті. Таза пайыздық маржа 4,3-тен 4,4 пайызға артты. Пайыздық спрэд көрсеткіші (ақшалай сыйақы алумен байланысты активтердің мөлшерлемесі мен пайыздық міндеттемелер бойынша мөлшерлеме арасындағы айырма) 4,2-ден 4,3 пайызға өсті", - дейді Үміт Болатханқызы. Оның сөзіне қарағанда, клиенттерге берілген заемдар көлемі жыл басынан бері брутто негізінде 2,8 пайызға, нетто негізінде 0,8 пайызға ұлғайды. корпоративтік клиенттердің заемдары 2,9 пайызға, жеке тұлғаларға берілген заемдар ауқымы 4,3 пайызға өсті. Жеке тұлғалардың мерзімдік депозиттері меен ағымдағы шоттарының мөлшері 9,3 және 18,4 пайызға артты.