Қазақстан халық банкі «The Banker» қаржылық басылымының «Қазақстандағы жыл банкі» марапатына ие болды

АЛМАТЫ. 6 желтоқсан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Лондонда 30 қараша күні қаржы саласындағы беделді халықаралық басылым - «The Banker» журналының XII «Жыл банктер» («Bank of the Year») сыйлығын тапсыру рәсімі болды.
None
None

Қазақстан халық банкінің баспасөз қызметі таратқан хабарламаға қарағанда, оған 200-ге жуық әлемдік қаржылық мекемелердің өкілдері қатысқан. Бұл шарада «Қазақстан халық банкі» АҚ «Қазақстандағы жыл банкі» («Bank of the Year Kazakhstan») марапатына ие болды. Бұл сыйлық ағымдағы жылы қаржы институты иемденіп отырған халықаралық деңгейдегі бесінші жоғары марапат болып отыр. Бұған дейін «Emeafinance» басылымы 3 жыл қатарынан «Europe Banking Awards», ал «Global Finance» басылымы «World's Best Emerging Market Banks» аталымдары бойынша «Қазақстандағы үздік банк» деген баға беріп, «Қазақстанның валюта айырбастау операциялары нарығындағы үздік провайдер қызметін көрсетуші» («Best Foreign Exchange Provider Kazakhstan») ретінде бағалады. Оның алдында «Euromoney» журналы «Қазақстандағы 2011 жылғы үздік банк» («The Best Bank in Kazakhstan 2011») ретінде атап өткен еді.

«Халық банкі өзінің стратегиялық мақсаты ретінде теңгерімді даму көрсеткішіне қол жеткізуді таңдап алған және экономикалық кезеңнің барлық сатысында осы айқындаманы ұстанып отыр. Жаһандық қаржы нарығындағы бүгінгі күнгі қалыптасып отырған жағдайды дүниежүзілік қаржы жүйесінің беріктігін сынаудың кезекті көрінісі деп қарастыруға болады», - дейді Банк басқармасының төрайымы Үміт Шаяхметова.

Қаржы институты ағымдағы жылдың 2-ші жартысында активтері мен пассивтерінің құрылымын оңтайландыру жұмысын жалғастыру нәтижесінде пайыздық маржаны біршама жақсарта алды. 9 айда республиканың банк секторының таза пайдасындағы Халық банкінің үлесі 37 пайызды құрады. Сондай-ақ ол 2009 жылы мемлекеттен берілген қаржыны мерзімінен бұрын қайтаруға қол жеткізген бірден-бір банк болып отыр.

Үміт Болатханқызының сөзіне қарағаенда, 2012 жылы банк кредит қоржынын одан әрі ұлғайтуды, операциялық-кассалық қызметтер көлемін кеңейтуді және өзінің нарықтағы көш бастаушылық жетекші орнын сақтап қалуды көздеп отыр. Сонымен қатар банктік технологияларды дамыту, сервис сапасын одан әрі жақсарту және бизнес үдерістерін оңтайландыра түсу бағытындағы жұмыс та жалғасын табады.

Соңғы жаңалықтар