Қазақстан Халық банкінің зейнетақы қоры комиссиялық сыйақыны төмендетпейді - басқарма төрағасының орынбасары

Мұны басқарма төрағасының орынбасары Алексей Ким бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында айтты.
«Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-ның акционері саналатын Ұлттық банктің төрағасы Григорий Марченко зейнетақы қоры 12 наурыздан бастап өзінің салымшылары үшін комиссиялық сыйақы мөлшерлемелерін біржақты тәртіппен төмендетуге шешім қабылдағанын мәлімдеген болатын. Онда комиссиялық сыйақы инвестициялық кірісте 15-тен 12 пайызға, зейнетақы активтерінен жылына 0,5-тен 0,45 пайызға азайтылғаны айтылды.
Г.Марченко: «Жалпы жинақтаушы зейнетақы қорларына комиссиялық сыйақыны төмендету туралы ұсынысты біз өткен жылы айтқан болатынбыз. Сыйақы пайызының шекті көрсеткіші заң бойынша белгіленген. Бірақ жинақтаушы зейнетақы қорлары оны ерікті түрде өздері тағы да төмендете алады. Әзірге бұл басқа зейнетақы қорларына үлгі ретінде жасалып отыр және әлі де жан-жақты талқылауды қажет етеді», - деген еді.
А. Кимнің айтуынша, зейнетақы активтерінің өсу қарқыны Қазақстан Халық банкінің зейнетақы қорында Мемлекеттік жинақтаушы зейнеатақы қорынан үлкен. Сондықтан олар мұндай шараға қазір бара алмайды.