Қазақстан халық жазушысы Қадыр Мырза Әлидің 75 жылдығына орай Батыс Қазақстанда шаралар ұйымдастырылмақ

ОРАЛ. Қаңтардың 5-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Қазақстан халық жазушысы, қазақтың көрнекті ақыны, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қадыр Мырза Әли қаңтардың 5-інде 75 жасқа толды.
None
None

Облыстық мәдениет басқармасынан ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, Батыс Қазақстан облысында ақиық ақынның мерейтойына орай шаралар ұйымдастырылмақ. Облыс кітапханаларында көрмелер жасақталып, білім ордаларында әдеби кештер өтеді.

Негізгі мерейтойлық шара қыркүйек айына белгіленіп отыр. Жымпитыда дүниеге келген ақын облыс аудандарында да болмақ.

Соңғы жаңалықтар