Қазақстан хоккей құрамасы әлем чемпионатында бүгін Мажарстанмен кездеседі
АСТАНА. KAZINFORM - Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы 2025 жылғы әлем чемпионаты элиталық дивизионындағы үшінші ойынын бүгін Мажарстанға қарсы өткізеді.

Кездесу Қазақстан уақытымен сағат 23:10-да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы В тобында ойнайды. Қарсыластары - Финляндия, Чехия, АҚШ, Германия, Дания, Норвегия және Мажарстан. Ойындар Данияның Хернинг қаласында болады.
Екі құрама бұған дейін тоғыз мәрте шеберлік байқасты. Оның сегізінде қазақстандық хоккейшілер жеңіске жетсе, қалғанына қарсыласына есе жіберді.
Қазірге дейін Қазақстан құрамасы Норвегияны (2:1) жеңсе, Германияға (1:4) есе жіберсе, Мажарстан АҚШ пен Канадаға 0:6, Германияға 1:6 есебімен жеңілді.
Мажарстан құрамасының тізімі:
Қақпашы: Бализ Бенс («Спарта Сарпсборг»), Адам Ваи («Попрад»), Доминик Горват («Фехервар»);
Қорғаушылар: Сомбор Гарат («Ноттингем»), Зетени Гадобас («Айова Хартландерс»), Милан Хорват («Академия Будапешт»), Хенрик Нильссон («Калмар»), Тамас Ортензски («Винтерхур»), Бенс Сзабо («Академия Будапешт»), Торния Габор («Уйпешт»);
Шабуылшылар: Герго Амбрус («Фехервар»), Янос Хари («Фехервар»), Бенце Хорват («Йукурит»), Ференц Ласкави («Уйпешт»), Андраш Михалик («Деац»), Акос Михалы («Фехервар»), Кристиан Наги («Академия» Будапешт), Кристоф Папп («Айова Хартландерс»), Доман Сзонгот («Куку»), Истван Тербокс (Фехервар), Питер Винце («Георгени»), Вильмош Галло («Куку»), Кристоф Немет («Фехервар»), Чанад Эрдей («Фехервар»).