Қазақстан хоккей құрамасының әлем чемпионатындағы ойын кестесі жарияланды
АСТАНА. KAZINFORM - Халықаралық хоккей федерациясы бірінші дивизионның А тобындағы ойын кестесін жариялады.
Бұл турнир 2016 жылдың 2-8 мамыр аралығында Польшаның Сосновец қаласында өтеді. Онда Қазақстан, Франция, Польша, Украина, Жапония және Литва құрамалары сынға түседі.
Отандастарымыз биыл Швеция мен Данияда өткен әлем чемпионатында В тобында соңғы орынды місе тұтып, элиталық дивизионнан түсіп қалды.
Қазақстан құрамасының қатысуымен өтетін ойын кестесі:
2 мамыр. 19:00. Литва - Қазақстан;
3 мамыр. 15:30. Қазақстан - Жапония;
5 мамыр. 22:30. Қазақстан - Польша;
7 мамыр. 19:00. Украина - Қазақстан;
8 мамыр. 15:30. Қазақстан - Франция.
Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы В тобында ойнап жатыр.
Алдымен Норвегияны (2:1) жеңіп, Германия (1:4), Мажарстан (2:4), Дания (1:5), Чехияға (1:8), АҚШ (1:6), Швейцария (1:4) құрамаларына есе жіберді.
Айта кетсек, бұдан бұрын Қазақстан хоккей құрамасы екінші жыл қатарынан Азия чемпионы атанды.