Қазақстан имамдары бір жылдағы жұмыстарының нәтижесі бойынша есеп беруде

АСТАНА. 23 желтоқсан. ҚазАқпарат /Гүлмира Алякпарова/ - Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) облыстардағы және өңірлердегі өкіл имамдары бір жыл бойы атқарылған жұмыстардың нәтижесі бойынша есеп беруде.
None
None

ҚМДБ-ның дербес сайтында орналастырылған ақпаратқа сүйенсек, кеше, 22 желтоқсан күні Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының екі күндік кеңейтілген төралқа мәжілісі басталған.

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлінің төрағалығымен өтіп жатқан мәжіліске ҚМДБ Аппарат басшысы Б.Мырзаев, бөлім меңгерушілері, облыстар мен өңірлердегі өкіл имамдар, Нұр-Мүбарак университетінің проректоры Ш.Керім, Қазақстан қажылар қауымдастығының төрағасы Е.Дуанаев қатысуда.

«Онда діни басқарманың облыстар мен өңірлердегі өкіл имамдары әдеттегідей бір жыл бойы атқарған ұйымдастыру-басқару, діни уағыз-насихат, оқу-ағарту, қажылық және тағы басқа бағыттағы қызметтері жайлы есеп беруде. Онда ҚМДБ-ның «Ислам және өркениет» газеті мен «Иман» журналына жазылу, қажылықты өткізу мен ұйымдастыру мәселелері қаралып, тиісті шешімдер қабылданды», - делінген таратылған хабарламада.

Қажылық бөлімінің меңгерушісі Әлішер Спановтың айтуынша, 2011 жылы 4 мың қазақстандық Мекке-Мәдинада қажылық парыздарын өтеп келді.

Соңғы жаңалықтар