Қазақстан индустриялық-инновациялық дамуда фин моделін пайдалануы қажет - Әлемдік экономика орталығының ғылыми хатшы-жетекшісі

trong>. Наурыздың 31-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Ең маңызды инновация - интеллект. Бұл бүгін Алматыда өтіп жатқан «Дағдарыстан кейінгі даму: жаңа онжылдықтағы жаңа мүмкіндіктер» деп аталатын дөңгелек үстел жиынында айтылды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Аумағы шағын және тұрғындары 6,5 миллион адамды құрайтын Финляндияда 1990 жылдары жұмыссыздық 15 пайызды, ал сыртқы қарыз жалпы ішкі өнімнің 60 пайызын құрады. Бұл біздің жолымыздағы көрсеткішке ұқсас. Алайда Финляндия аз уақыттың ішінде үлкен секіріс жасады. Олар өзінің интеллектуалдық ресурсын дамытуға барлық күш -жігерін жұмсады. Тегін жоғары білім алуға жағдай жасап, ақпараттық технологияны дамытуға ерекше көңіл аударды», дейді Әлемдік экономика орталығының ғылыми хатшы-жетекшісі Олег Рахматулин. Оның айтуынша, дамудың өзіндік моделін қалыптастыру нәтижесінде бүгінгі таңда Финляндия инновациялық дамуда әлемде 1-ші орында. Ал зерттеу көлемі мен инвестициялық ресурс деңгейі жағынан 3-ші орында. Оған 6 миллиард доллар жұмсалады. Бұл жалпы ішкі өнімнің 40 пайызы. Бұл Оңтүстік Кореяда 2 пайызды, Канадада 1,86 пайызды құрайды.

Жалпы 2010-2014 жылға индустриялық-инновациялық үдемелі даму бағдарламасы бойынша Қазақстан 2015 жылы ел тұрғындарының компьютерлік сауаттылығын 40 пайызға жеткізбек. Онда интернет қызметімен қамту деңгейін де осы шекке жеткізу жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар