12:53, 19 Шілде 2013 | GMT +5
«Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті» ғылыми-білім кешенін бір топ магистранттар бітіріп шықты
ОРАЛ. 19 шілде. ҚазАқпарат - Орал қаласында «Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті» ғылыми-білім кешенін бір топ магистранттар бітіріп шықты.

Олардың арасында облыстық мәслихат хатшысы Мәлік Құлшар, облыстық білім басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаева, облыстық балалар құқығын қорғау басқармасының басшысы Әли Мәсәлімов сынды лауазымды қызметкерлермен қатар ғылым жолын қуған жастар да бар.
Магистранттарды облыс әкімінің орынбасары Марат Кәрімов құттықтап, салтанатты жағдайда куәліктерін табыс етті.
Аталмыш кешен президенті, облыстық мәслихаттың депутаты Ақсерік Әйтімовтің айтуынша, Елбасы алға қойып отырған мақсат-міндеттерге сәйкес оқу орнында білікті кадрлар бұдан былай да даярлана беретін болады.