Қазақстан Интерпол арқылы іздеу салған адам Грузияда қолға түсті

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстанның Ішкі істер министрлігі Интерполдың Ұлттық орталық бюросы арқылы сұрау салған халықаралық іздеуде жүрген адам Грузияның Рустави қаласында ұсталды, деп хабарлайды ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

Казахстанца, находившегося в международном розыске, задержали в Грузии
Фото: ҚР ІІМ

Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 367-бабы 2-бөлігінде көзделген қылмысты – лауазымды тұлғаға пара беру әрекетін жасағаны үшін айыпталып отыр.

Тергеу дерегінше, күдікті 2019 жылы қылмыстық жауапкершіліктен жалтару мақсатында құқық қорғау органының қызметкеріне 400 АҚШ доллары көлемінде пара берген.

Бұған дейін жүргізілген тексеру барысында күдіктіге тиесілі массаж салонының атымен жезөкшелік қызмет көрсетілгені анықталған. Қазіргі уақытта ұсталған азамат Грузия аумағында қамауға алынды.

Осыған дейін 2025 жылғы тамызда Қазақстан Республикасының 12 тұрғыны террористік және экстремистік қылмыстар жасағаны үшін сотталғаны туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар