11:25, 23 Ақпан 2017 | GMT +5
«Қазақстан инжиниринг» басқармасының құрамында өзгерістер болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің 2017 жылғы 15 ақпандағы шешімімен Басқарма мүшесі, Басқарма төрағасының орынбасары Сұлтанбеков Қанат Танатарұлының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.

Бұл шешіммен басқарма құрамы сайланды: басқарма төрағасының орынбасары Вадим Шәмілұлы Шақшабеков, басқарушы директор Мәдина Шариязданқызы Мұқышева.
Осылайша, басқарма құрамы бес адамнан құралды:
Басқарма төрағасы - Ерлан Сапарғалиұлы Ыдырысов;
Басқарма төрағасының орынбасары - Вадим Шәмілұлы Шақшақбаев;
Басқарма төрағасының орынбасары -Сая Найманбайқызы Мыңшәріпова;
Басқарушы директор -Кенжебай Сәтжанұлы Сәтжанов;
Басқарушы директор - Мәдина Шариязданқызы Мұқышева.