«Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы Семейдегі зауытын жаңғыртуға инвестиция тарта бастады

ТАНА. 10 қараша. ҚазАқпарат - «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы Семейдегі зауытын жаңғыртуға инвестиция тарта бастады»,
None
None

деп хабарлайды ұлттық компанияның баспасөз қызметі.

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, 2011-2012 жылдар аралығында ұлттық компания өзінің еншілес кәсіпорны «Семей инжиниринг» акционерлік қоғамын жаңғырту үшін (бұрынғы Семей сауытты танкілерді жөндеу зауыты) 2 миллиард теңге бөлгелі отыр. Бұл қаржы қолданыстағы өндіріс кеңістіктерін қайта жаңғыртып, өндірісті жаңа құрылғылар арқылы жаңғыртуға бағытталады.

«Аталмыш шара өндірілетін өнімнің бағасын айтарлықтай арзандатуға, қазақстандық қамтуды 80 пайызға арттыруға, 200-ден астам жоғары біліктілігі жоғары мамандарды жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді»,-дейді «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясының президенті Болат Смағұлов.

Болашақта ұлттық компания «Семей инжиниринг» акционерлік қоғамының алдына қазақстандық қамтуды 100 пайызға жеткізуді көздеп отыр.

Соңғы жаңалықтар