14:36, 11 Наурыз 2013 | GMT +5
«Қазақстан инжиниринг» жуық арада трансұлттық компания болады
АСТАНА. 11 наурыз. ҚазАқпарат - «Қазақстан инжиниринг» жобаларды қаржыландыру үшін халықаралық нарықтан несие алуға мүдделі.

Бұл туралы бүгін «Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Болат Смағұлов компанияның 10 жылдық мерейтойына арналған баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
«Біздің мақсатымыз - тез арада экспорт нарығына шығып, трансұлттық компания атану. Бүгінде компанияның оған деген барлық мүмкіндіктері бар. Біз «В2» деңгейінде «Moody's» агенттігінен несие рейтингісін алдық. Сондықтан біз қазірдің өзінде өзіміз ұйымдастырған жобаларды несиелік қаражат арқылы қаржыландыра аламыз», - деді Б. Смағұлов.