Қазақстан IT технологиялар мен инновацияларды дамыту үшін британ тәжірибесін зерттеуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Биылғы 12 желтоқсанда Қазақстанның Ұлыбританиядағы Елшісі Ержан Қазыханов «TechCity» британ силикон алқабында болды, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.
None
None

Сапардың негізгі мақсаты «Нұрлы жол - Болашаққа бастар жол» жаңа экономикалық саясатына сәйкес, Қазақстанда IT технологиялары мен инновацияларды дамыту үшін британ тәжірибесін зерттеу және оны келешекте Қазақстандағы технологиялық кластерледің енгізілуінде пайдалану болып табылады.

Лондонның орталығы мен шығысының шекарасында орналасқан TechCity Сан Франциско және Нью-Йорктен кейін әлемнің ірі технологиялық кластері болып саналады. Оның құрылуы кезінде Cisco, Facebook, Google, Intel және McKinsey & Company шешуші рөл атқарғанын атап өткен жөн.

TechCity-дің бас атқарушы директоры Жерар Грек кластердің құрылу тарихы, бар техникалық экожүйенің жұмысы, сонымен қатар британ және америкалық модельдердің негізгі айырмашылықтары жөнінде ақпарат берді.

Lastminute.com-ның негізін қалаушы Алекс Хоуи кластердің барлық техникалық компаниялары орналасқан «The Runway» орталығын көрсетті. Қазіргі таңда паркте келесі компаниялардың офистері орналасқан: 7digital, Amazon, BT, Cisco, Facebook, Google, Kyzox Technology, GrowthIntelligence, Import.io, Inmarsat, Intel, PaveGen,Qualcomm, Seedcamp, Simply Business, Songkick, Sports Interactive, Squiz, Startup Weekend, Streetbank, Tug, Tweet Deck, Ve Interactive, Workshare және тағы басқалары.

Кластер аймағында жетекші білім беру институттары, атап айтқанда Imperial Innovations, Loughborough University және University College London бар.

Орталықта, сонымен қатар қаржы және кәсіби қызмет көрсететін Barclays, KPMG, McKinsey & Company, Silicon Valley Bank, Capco, Taylor Wessing компаниялары орналасқан.

Соңғы жылдары Британияның сандық индустриясы ел экономикасының қарқынды дамушы салаларының қатарында. Аталмыш сектордың Британия ЖІӨ-дегі үлесі 5 пайызды немесе 72 млрд. фунтты құрайды.

Соңғы жаңалықтар